weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес - дейді Бас мүфти

Біздің дініміз қыз баласына балиғат жасқа келгенде орамал тағуға рұқсат еткен.

Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес - дейді Бас мүфти

Соңғы уақытта ел ауызында алауыздық тудырып жүрген діни ағымдардың қисық уағыздары ұлттық құндылықтарға кері ықпалын тигізуде. Осыған байланысты Бас мүфти Нурызбай қажы Тағанұлы журналистер қойған сауалға жауап берді, деп хабрлайды newsroom.kz ақпараттық порталы El.kz. сайтына сілтеме жасап.


Бас мүфтидің айтуынша, Деструктивті діни ағымның алдын алу үшін заңды тетіктер қажет екен. Мұндай ағым ел тұрақтылығына қауіп төндіретін болса, әрине оны міндетті түрде заңмен реттеу қажет екенін айтты. Ол мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты мәселеге жауап берді. Айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр. ҚМДБ бұған қатысты мәлімдеме жасады. Бүгінде қоғамдағы тыныштықты бірінші ойлау қажет деп есептейді.
Мектепте оқитын қазіргі балалар мұғалімдермен осы мәселені кеңесіп, өз арасында шешкені абзал. Біздің дініміз қыз баласына балиғат жасқа келгенде орамал тағуға рұқсат еткен. Балиғат жасына толмағандарға орамал тағу парыз емес, – дейді Бас мүфти Нурызбай қажы Тағанұлы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→