Израильде оққа ұшқандар саны 1000-нан асты

Газа секторында 900-дей адам ажал құшты

аzattyq-ruhy.kz

Израильдік қанды қақтығыста Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Израильге бұрын-соңды болмаған және тосын шабуылынан қаза тапқандар санының 1 000-нан асты. Сонымен қатар, Газа секторында 900 дей адам ажал құшып, 5 000-ға жуық тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды newsroom.kz бұл туралы Хабар24 агенттігіне сілтеме жасап.

Таяу Шығыстағы қақтығыста көз жұмғандар арасында шетелдіктер де бар. Атап айтсақ, АҚШ-тың 14, Францияның 8 азаматы қайтыс болып, тағы 20 шетелдік із-түзсіз жоғалып кеткен.

Айта кетейік, 6 күннен бері жалғасып жатқан соғыс әлі аяқталмады. Бұл дүрбелең жанжал  1973-шы жылдар ортасында араб-израиль қақтығысынан кейінгі ең үлкен соғыс еді.
 

Жүктелуде...