Жаңалықтар

Қар мен көктайғақ келе жатыр: ауа-райы қалай болмақ?

Синоптиктер 12-14 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлайды newsroom.kz порталы. 
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын мен ылғалды қар жауып,  жауын - шашын болады. Ал 12 қазанда еліміздің батысында, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, Оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда елдің оңтүстік-шығысында-қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.