Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар робот жасаудан әлем чемпионы

Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ студенттері Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құраманың бапкерлері - Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

FIRST Global Challenge – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионаты. Осы жылғы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысты.