Жаңалықтар

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 60 мың теңге болады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Отырыста Премьер-Министр биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көбейгенін, келесі жылы тағы да 50%-ға ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты. Осылайша, 2025 жылға қарай стипендия 2 есе артатын көрінеді.

 Бүгінде 772 колледжде 531 мың студент оқиды. Бұл ретте колледждердің 85%-ы экономика салаларының техникалық, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету бағыттары бойынша кадрлар даярлайды. 

Айта кетейік, қазір техникалық және кәсіптік бағытта білім алатын колледж студенттерінің стипендиясы - 31 422 теңгені құрайды.