weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада осы апта қандай шаралар өтеді?

Қала тұрғындары мен қонақтарын бай мәдени бағдарлама күтіп тұр.

Астанада осы апта қандай шаралар өтеді?
sportishka.com

Бұл туралы newsroon.kz порталы inastana.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

9 қазан күні сағат 10:00-де ҚР Ұлттық музейінде "Қазақстандағы У Наенмен кездесу: ертегілердегі ханбок" көрмесі ашылады.
9 қазан күні Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сағат 19:00-де Tynda Music орындаған этно-концерт өтеді.

10 қазан күні сағат 19:00 - де "Астана – Опера" театрында "Испания-Менің Отаным" концерті өтеді.

11 қазан күні сағат 19:00-де елордалық көрермендерді Қ.Жүнісова " Күле аласызбаа?"(комедия) "Жастар" театрында.
Сол күні кешкі сағат 19.00-де балет сүйер қауымды "Корсар" қойылымымен "Астана Опера" театры күтіп тұр.

12 қазан күні сағат 19:00 - де Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Астана аруы-2023" сұлулық байқауының финалы өтеді.
Сол күні сағат 15: 00-де "Жастар" сарайында жайдарман лигасының "Астана"ойындары басталады. Ал Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында сағат 19:00-де "Туған күн" спектаклі ұсынылады.

13 қазан күні сағат 14:00 және 16:00 - де-қазақ халқының ертегі кейіпкерлерімен ағылшын тілін үйренуге арналған ойын түріндегі "қуыршақ мектебі" спектаклін елордалық қуыршақ театры ұсынады.
Кешке сағат 19: 00-де Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің 24 концерттік маусымы ашылады.
Сағат 19: 00 - де "QAZAQSTAN" ОКЗ-да Ұлыларға тағзым: "Ән атасы-Әміре" концерті өтеді.

14 қазан күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "тәттілер мұражайы" халықаралық көрмесі ашылады.
Сол күні кешкі сағат 18: 00-де "Астана балет" театрында Құрманғазының 205 жылдығына арналған концерт өтеді.
Сағат 20: 00-де қала тұрғындары мен қонақтарын Конгресс-орталықта өтетін "Ирина Кайратовна" тобының концерті күтеді.

15 қазан күні сағат 14:00-де кішкентай көрермендерге арналған Ц.Кюйдің "Етіктегі Мысық" балалар операсы "Астана-Опера" театрында күтеді.
Сол күні сағат 19:00-де "Жастар" театрында Ғ.Мұсіреповтың "Жібек" қойылымын көрсетеді.
Кешке сағат 19.00-де классикалық музыканы сүйетіндер "QAZAQSTAN" ОКЗ-де Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрінің орындауындағы ne prosto Anime концертіне шақырылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→