Рамзан Қадыровтың 15 жасар ұлы Шешенстан батыры атанды

15 жасар Адам Құранды жатқа білген, оқуда өзін танытқан.

newsroom.kz

Мемлекеттік Думаның депутаты Адам Делимханов Шешенстан Республикасының Батыры атағы оның жиені және Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы 15 жасар Адам Қадыровқа берілгенін хабарлады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Рамзан Қадыровтың 15 жасар ұлы Құранды жатқа білген, оқуда өзін танытқан. Адам Қадыров аралас жекпе-жек турнирлері аясында бірқатар жеңістерге қол жеткізіп, спортта ерекше жетістіктерге жеткен.

Бір күн бұрын Рамзан Қадыровтың қызы Шешенстанның халық әртісі болғаны белгілі болды. Айшат Қадырова 24 жаста. 2021 жылдың 28 қазанынан бастап республика Мәдениет министрлігін басқарады.

Рамзан Қадыровтың ресми өмірбаянында оның он 4 ұлы және 6 қыз бар екені айтылған.

Жүктелуде...