Жаңалықтар

Жетпіс үш жастағы ақсақал Қазақстаннан Түркияға жаяу барды

Қазақстандық саяхатшы түрік астанасына жетпес бұрын бірнеше мемлекетті жаяу кесіп өтіп, мыңдаған шақырымды артқа тастаған, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық ақсақал Сәрсенбай Қотырашев үш мемлекеттің аумағын жаяу жүріп өтті. Ол Ресей мен Грузия арқылы түрік еліне жету мақсатында Қазақстаннан 2 тамызда шыққан.

Жолаушы — қарапайым ата. Бірақ оны «қарапайым» деп атауға келмейтін тәрізді. 73 жаста екеніне қарамастан, ессіз әрекеттер істеуге күш-жігері толып тұр.

Ақсақал әлемді өз көзімен көріп, зерттеуді, саяхаттап, Отанын танытуды бұрыннан армандаған екен.

Жаяу жүруді жақсы көретін ақсақал осылайша 2 ай ішінде Түркияға жетіп, аңызға айналған, тарихи Ыстамбұлда сапарын аяқтайды.

Әлемді жаяу аралау туралы ой Сәрсенбай Қотырашевқа 7 жыл бұрын келген. Бірақ оны орындау мүмкіндігі биыл ғана бұйырды. Бір жыл бұрын Сәрсенбай ата Қазақстанды аралап шыққан.

Еліміздің 17 облысы мен Алтайды кесіп, 8 000 шақырым жол жүрді.