Елес қызға 69000 айыппұл салды

Ойыннан от шығады. Семейдегі “елес” қыз ұсталды

Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы newsroom.kz тілшісі, polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде жексенбі күні Семей қаласының жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы тұрғын “елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқаны тарады.
Боялған көз, жасанды шаш, қорқынышты келбет - жүрегі әлсіз адамды қорқытуға ең мықты құрал. Өз ойынын видеоға түсірген тұрғын инстаграм әлеуметтік желісінде дауға қалды. Бірі бойжеткен жай ғана көңіл көтерді деп қолдаса, енді бірі жауапқа тарту керек деп шулады. Тұрғындардың “көңілін көтергісі келген” тұрғынды жауапқа тарту көп күттірмеді.  

Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасады деп айыптап, 69 000 теңге айыппұл салды.

Жүктелуде...