Бұл туралы newsroom.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ долларын таза сату көлемі айырбастау пункттеріне осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 1 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10,1 пайызға аз.
Ал еуроның таза сату көлемі бір жылда 27,2 пайызға төмендеп, 158,8 млрд теңге болды. Шетел валюталарының арасында ең үлкен құлдырауға ұшыраған - ресей рубльі. Ол 26 есе құлдырап, 1 жылдағы сату көлемі 10,3 млрд теңгені құрады.
Қазақстан өңірлері арасындағы шетел валюталарына деген сұраныс көлемі қанша?
ҚР қалалары арасында АҚШ долларына сұраныс дәстүрлі түрде мегаполистерге түсті: америкалық валютаның таза сатылымы Алматыда 260,9 млрд теңгені құраса, шырайлы Шымкентте 218,5 млрд теңгені, ал елордасы Астанада 90,6 млрд теңге болды.
Доллардың таза сатылымы аз болған ел өңірлерінің көшін Жетісу 2 млрд теңге мен Ұлытау 123,5 теңге облыстары бастап тұр. Бір өңірлерде еуроның таза сатылымы теріс болды, яғни айырбастау пунктерінен еуроны сатып алуға қарағанда сату көп болды. Атап айтқанда, Ақмола облысында көрсеткіш 198,9 млн теңгені көрсеткен,
Шетел валюталарының арасынан ең төмен айналымда көршілес Ресей валютасы тұр. Рубльді еліміздегі 20 айырбастау пунктінің 7-і ғана сатып алған. Ең аз сатып алған айырбастау пунктері Алматы, Ақтөбе, Шымкент облыстарында екен. Ал ең үлкен көлемдегі сату көрсеткіші еліміздің шығысы мен Ақмола облыстарында байқалған.