weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Соғыс пен пара! Сумы мэрі 2,1 млн парамен ұсталды

Украинаның қауіпсіздік қызметі Сумы мэрі Александр Лысенконы 2,1 млн гривен пара берумен ұстады.

Соғыс пен пара! Сумы мэрі 2,1 млн парамен ұсталды
Фото: pravda.com.ua

Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі pravda.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лысенкомен бірге қалалық кеңес департаментінің басшысы Александр Журба ұсталды. 

Жемқорларды қолға түсіру Украинаның қорғаныс қызметі және Ұлттық антикооррупциялық бюроның жүргізуімен болды. Олар шенеуніктерді 1,4 млн грн көлемінде пара алып жатқан жерінен тұтқындаған. 

Шенеуніктер жергілікті кәсіпкерлерден кедергісіз бизнес жүргізулері үшін пара алып отырған. 

Дәлірек айтқанда, қоқыс шығарумен айналысатын зауыттан 2млн 130 мың грн. көлемінде қаржы талап еткен. Қомақты қаржыны бермеген жағдайда олардың кәсібіне кедергі келтіреміз деп қорқытып отырған көрінеді.

Айта кетейік, Александр Лысенко 2014 жылдан бері Сумы қаласының мэрі қызметін атқаруда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→