Жалға берудегі "этникалық" принцип: қазақофобия?

Пәтер иесі үйін «тек славяндарға» беруге шешім қабылдаған.

1obl.ru

Әлеуметтік желілерде скриншот таралуда. Онда Көкшетау тұрғыны қазақстандықтарды бір бөлмелі тұрғын үйге кіргізуге дайын екенің, алайде тек "славян ұлты" өкілдеріне жалға беретінің жазған, деп Newsroom.kz хабарлайды Press.kz сайтына сілтеме жасап.

Вокзал мен мектептің жанындағы кең және жылы пәтер коммуналдық шығындарды есептемегенде 100 мың теңгедей шығады. Пәтер иесі жұмыс істейтін қыздардың, әйелдердің, балалары және үй жануарлары жоқ ерлі-зайыптылардың ұсыныстарын қарастыратының жазған.Бірақ студенттерге баспана беруден бас тартты.

Қазақстандықтардың шағымдарына жауап ретінде ол өз пәтеріне кімді кіргізу керектігін шешуге құқылы екенін, ал кімге кірмейтінін айтты.

"Мен пәтерімді жақсы адамдарға бергім келеді. Бұдан бұрын жалға берудің жағымсыз тәжірибесін басымыздан өткізгендіктен, біз тек славян ұлты өкілдерін тұрғызамыз деп шештік. Себебі, бір менталитетке ие болағандықтан, адамдарда бір-бірін оңайырақ түсінеді", - делінген оның хабарламасында.

Блогер Руслан Түсіпбеков жылжымайтын мүлік иесінің мінез-құлқына наразылығын таңытты. Ол мұны қазақофобия деп атады және құқық қорғау органдарынан хабарландырудың авторын жауапқа тартуды талап етуде.

"Бұл не деген бассыздық өзіміздің елімізде қазақтардың беделін түсіру? Шұғыл шаралар қабылдансын", - деді блогер.

Бұған дейін де әлеуметтік желілерде Петропавл қаласында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру сайтынан скриншоттар таралған. Пәтер иелерінің бір шарты, бұл "этникалық принцип" болып табылады. Үй иелері тек қана "лайықты славяндарды" іздейді екен.

Жүктелуде...