Жаңалықтар

Ақтаудың мектептеріне дәретхана қағазы жетпей ме?

Өз бейнежазбасында оқушы қыз жақсы өзгерістер тек тексерістің келуімен тікелей байланысты деген,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскеннен кейін, қыз бала мектеп басшылығынан қысымға іліккен.

“Ата-анасына жұмыс орындарынан айыппұл салынып, оқушының олимпиадаларға қатысуына тыйым салған”,- деп блогер Азамат Сәрсенбаев өз әлеуметтік парақшасында жазды.

“Мен әрине, Маңғыстау облысындағы білім беру жүйесі құлдырап кеткенін білгем, бірақ бұндай дәрежеге жетті деп ойламаппын”,- деп жазды ол.

Бұдан кейін, 11-сынып оқушысы, білім ордасынан осыған дейін сусабын мен дәретхана қағазын көрмегендіктен, осындай видео түсіріп, желіге салғанын түсініктеме хатын жазып, көрсеткен.