70 мың адам Арменияға қоныс аударды

Алдын ала белгіленген тұрғылықты жері жоқ барлық адамдарды үкімет тиісті тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

arbatmedia.kz

70 мыңға жуық адам Қарабақтан Арменияға қоныс аударды, деп хабарлайды Newsroom.kz Армения үкіметінің сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасай отырып.

Онда 28 қыркүйекте сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 68 386 мәжбүрлі қоныс аударушылар Қарабақтан Арменияға келді делінген.

Армения Үкіметінің хабарламасында "алдын ала белгіленген тұрғылықты жері жоқ барлық адамдарды үкімет тиісті тұрғын үймен қамтамасыз етеді.Көмек көрсету қажеттіліктерін тіркеу жалғасуда" делінген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын өзін-өзі жариялаған "Таулы-Қарабақ Республикасы" 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет ретіндегі қызметің тоқтатады. Бұл туралы Жарлыққа бейсенбі, 28 қыркүйекте "мемлекет президенті " Самвел Шахраманян қол қойған болатын.

Жүктелуде...