Өзіміздікі қайда? Өзбекстаннан автобустар алыппыз

Өзбекстаннан 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған автобустар импортталған.

Фото: JV MAN Auto-Uzbekistan

Биылғы жылдың қаңтар-шілде айындағы айналым көрсеткіші бойынша Өзбекстаннан 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған автобустар мен басқа да осыған ұқсас моторлы көліктер (12,9 млн АҚШ доллары) импортталған, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Өзбекстаннан Қазақстанға импорттың басқа да санаттары киім және киім қажеттіліктері (27,5 млн АҚШ доллары), шойын мен болаттан жалпақ прокат (23,8 млн АҚШ доллары), автокөліктердің бөлшектері мен керек-жарақтары (23,5 млн АҚШ доллары), тоңазытқыштар мен мұздатқыштар (15,5 млн доллары) импортталыпты.

Айта кетейік, былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ӨР-нан импорт 6,1 %-ға өсіп, 721,6 млн АҚШ долларын құраған.

Жүктелуде...