Жаңалықтар

Шымкентте мас ер адам кинотеатрға келген адамның көлігін ұрлап кеткен

Әл-Фараби ауданының полицейлеріне қаладағы жеке кинотеатрлардың бірінің маңында тұрған Mercedes-Benz Sprinter көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Қала тұрғыны қалыңдығымен кино көруге келген, көлігінің ұрланғанын біліп, бірден 102-ге хабарласқан, деп хабарлайды newsroom.kz.

Көлік ұрысын ұстауға №776 автоэкипаж бағытталды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полицейлерге ұрланған көліктің қозғалыс бағыты туралы хабарлап отырды. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талаптарына бағынбаған ер адам жасырынуға тырысып, газды басып отырған.