weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық журналистер Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Қазақстандық БАҚ өкілдері үш жүлдемен - бір алтын, екі күміс медальмен елге оралды.

Қазақстандық журналистер Әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты
inbusiness.kz

Хорватияның Вели-Лошинь аралында БАҚ қызметкерлері арасында теннистен Әлем чемпионаты өтіп, екі қазақстандық ел намысын қорғады. Журналистердің дүниежүзілік спорт форумы 45-ші рет өтті. Қазақстан өкілдері мұндай Әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. Ел намысын Қуандық Шынасылов (Zakon.kz) пен Талғат Қалиақпаров ("Хабар") қорғады. Жарыс атақты хорват теннисшісі Иван Любичич академиясының корттарында өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Турнирге 11 елден 70-тен астам ойыншы қатысып, әртүрлі жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынды. Қазақстандықтар үш жүлдемен - бір алтын, екі күміс медальмен елге оралды.

+55 (фьючерс) жас санатында сынға түскен Талғат Қалиақпаров ("Хабар") жарыс қорытындысы бойынша алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Zakon.kz журналисі Қуандық Шынасыловпен бірге олар +105 (екі адамға) жас санатындағы жұптық сайыста өнер көрсетіп, вице-чемпион атанды. Бұдан бөлек микстте Талғат Қалиақпаров Ольга Кметовамен (Словакия) бірге күміс медаль жеңіп алды алды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→