weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада 12-қабаттан құлап кеткен жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады

Олар желіде жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Астанада 12-қабаттан құлап кеткен жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады
inbusiness.kz

Елордада көпқабатты тұрғын үйден құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған мәлімдемені "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.

"Мен, 12-қабаттан құлап кеткен баланың әпкесі Омарбекова А.Н. Аталған қайғылы жағдайдың буллинг салдарынан өзіне қол жұмсамағанын, жазатайым оқиға болғанын деп мәлімдеймін. Егер баланың отбасынан, достарынан және сыныптастарынан сұрасаңыз, бәрі оны жақсы көргенін білуге болады, ол өте көпшіл бала еді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болды. Модельдікпен айналысып, жарнама роликтеріне түскен. Оның өлімі №17 мектептегі буллингтен болған деген ақпараттар жақындарына ауыр тиіп отыр", делінген мәлімдемеде.

Қор өкілдері мен марқұм жасөспірімнің туыстары желіде жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→