Жаңалықтар

Түркістан: Келес ауданында жаңа ипподром салынады

Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев Бірінші Мамыр елді мекенінде болып, ипподромның құрылысы жүретін жер телімдерін аралап көрді. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, ипподромның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындауды тапсырды, деп хабарлайды newsroom.kz.


- Келес ауданында ипподром салу бастамасы бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Ат – қазақтың жанына жақын киелі жануар. Ат спортын дамыту арқылы біз ата дәстүрді, салтты жаңғыртамыз. Жаңа кешенде ат спорты түрлерін дамытамыз деген жоспарымыз бар. Қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудан әкімі. 
Сонымен қатар, аудан басшысы Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елді мекені мен Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр ауылына барып, футбол алаңдарының құрылысымен танысты. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі