Қылмыс

Қайрат Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Қайрат Боранбаев кінәлі деп танылып, оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкім шығарды: Жанұзақты ҚР қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 55-баптың 4-бөлігін қолдана отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын.
Боранбаев пен Наханова ҚР қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, алғашқы екі бап бойынша әрқайсына алты жыл, мүлкін тәркілеу жазасы қолданылсын. 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша мүлкі тәркіленіп, 3,6 жыл мерзімге жаза тағайындалсын. 58-баптың 3-бөлігі бойынша Боранбаев пен Наханова мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырылсын, — деген қаулы шығарды сот алқасының төрағасы Айсұлу Сламбекова.