Жаңалықтар

Аялдамадағы есірткі: күзетшілер мен полицияның сәтті операциясы

Өткен дүйсенбіде сағат 19:45 шамасында астаналық «Есіл» ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде әскери жасақ бастығы – қатардағы Бекасыл Темірхан мен патрульші қатардағы жауынгер Иса Мақсотов «Жетісу» саябағы ауданындағы аялдаманың жанында жерден бірдеңе іздеген жас жігітті байқады, деп newsroom.kz хабарлайды DKNews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Азаматтың күдікті әрекетін байқаған ұландық сарбаздар бірден әскери жасақ бойынша кезекші аға лейтенант Әділет Таубайға баяндады. Одан кейін жедел-тергеу тобы шақырылды. Тексеру кезінде 2005 ж. т. С. есімді азаматтан жалпы салмағы 40 грамм болатын ақ түсті ұнтақпен 15 дана түйіншек зат табылды.

Ал полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне қырағы қызметтері мен жедел әрекет еткендері үшін алғыстарын білдірді.