weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президенттің баспасөз хатшысы болып қайтадан Берік Уәли тағайындалды

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Президенттің баспасөз хатшысы болып қайтадан Берік Уәли тағайындалды
Wikipedia.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп newsroom.kz хабарлайды "Ақордағасілтеме көрсете отырып.

Берік Уәли 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі. 2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы. 2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→