Жаңалықтар

Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды

Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды, полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп newsroom.kz хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды, - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.