Жаңалықтар

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды

Бұл туралы newsroom.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 28 маусым  күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.