Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің інісі көпшілікті тамсандырды

Еліміздің аты әлемге танымал әншісі Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында ерекше видеомен бөлісті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жолы әнші інісі Әбілмансұрдың пианинода ойнап отырған видеосын салған. Видеодан жас музыкант «Akkuym» композициясын орындағанын көруге болады.     Өнер иесінің оқырмандары оның бауырының талантына да тәнті болып, мақтауды жаудыртқан:

Мансұрдың аспапты ойнағанын көрген әлем күлімсірейді. Құдайбергеновтердің барлығы махаббат пен жанның үйлесімінің сырын білетін секілді Сіздің отбасыңыздың мүшелері шығармашыл және талантты. Мансұрдың музыкаға деген ұмтылысы сіздікіне ұқсайды екен, Димаш! Димаш, інің нағыз дарын иесі екен. Тамсандым! Сәттілік! Жарайсың! Өзіңнен аумайды, Димаш! Мансұрдың болашағы зор екендігіне еш күмәнім жоқ. Өте әдемі, нәзік әрі мұңды ән!