Жаңалықтар

Бәрекелді! Полиция бастығы жолды өзі қадағалап жүр

  Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов қала сыртындағы тасжолға шығып, жүргізушілерден жылдамдықты асырмай, жол ережесін сақтауды сұрауда, деп хабарлайды newsroom.kz. Аймақтың бас полицейінің орынбасары автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізуде. Ол көлік тізгендеген азаматтарға жол ережесін сақтап, тек өзі емес өзгелер үшін де жауапты екенін ұмытпауды өтінді. «Күнде жол-көлік оқиғасы көбеюде, адамдар қайтыс болып жатыр, жарақат алып ауруханада қанша адам жатыр. Күні кеше болған жол апатында - Бейнеуден сағат 6:30 шамасында шыққан көлік жүргізушісіне полиция қызметкерлері екі рет ескертеді, бірақ сонда да құлақ аспай, соңы жол апатымен аяқталып отыр. Полиция тарапынан кіреберіске де шығаберіске де қызметкерлерді қойдық, олар түсіндіріп, ескертіп те жатыр. Өкінішке қарай, жол апаты азаймай тұр. Жылдамдықты асырмайық, шаршап тұрсақ жолға демалып шығайық. Сіз өзіңіздің ғана емес, өзгенің де өміріне жауаптысыз. Айналамыздағы жақын, дос-жаранжарымызға да айта жүрейік» - дейді полиция орынбасары.