Жаңалықтар

Иракта Telegram бұғатталды

Бұл елде Telegram хабар алмасу және жаңалық көзі ретінде қолданылған. Ирактың байланыс министрлігі ұлттық қауіпсіздік мақсатында Telegram мессенджері бұғатталғанын мәлімдеді, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz сайытна сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, олар платформаға мемлекеттік мекемелердің мәліметтері мен азаматтардың дербес деректерін жариялайтын арналарды жою туралы өтінішпен жүгінген. Бірақ Telegram бұл сұрауға жауап бермеді, деп жалғастырды министрлік.

"Байланыс министрлігі мемлекет пен оның институттарының қауіпсіздігіне нұқсан келтірместен азаматтардың сөз бостандығы мен қарым-қатынас жасау құқығына деген адалдығын растайды", - делінген хабарламада.