Жаңалықтар

Астанада суға батқан баланы құтқару сәті видеоға түсіп қалды

Суға батқан баланың өмірін сақтап қалған әйел полиция қызметкері болып шықты, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол дереу қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды. Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйел - Назым Шәріпова. Ол "Есіл" ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған.