Жаңалықтар

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полициясының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде "Opel Vectra" маркалы автокөлігін тоқтатты. 

Тексеру барысында көлік тізгіндеген 36 жастағы облыс тұрғыны екені анықталды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 2021 жылдың мамыр айында көлікті масаң күйде басқарғаны үшін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған.

"Наркологиялық диспансерде жасалған сараптама қорытындысына сәйкес азамат орта дәрежедегі масаң күйде болғандығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік айыппұл алаңына қойылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.