Жаңалықтар

Авиабилеттердің тоқтаусыз қымбаттауының себептері анықталды

Қазақстанда ұшақ билеттерінің құны бір айда 63,5%-ға дейін қымбаттаған. Оған қарсы билік неге пәрмен таныта алмады? Елімізде әуе қатынасының құны "ұшынып" тұр. Мысалы, QazaqAir әуетасымалдаушысы Астанадан Атырауға сапарлау үшін әр адамнан 72 740 теңге сұрайды. Атыраудан кері оралу 72 991 теңге тұрады. Егер отбасымен барса, жүздеген мың теңгеге шығындалмақ, деп хабарлайды newsroom.kz. Астанадан Алматыға ұшу үшін 47–51 мың теңге талап етіледі. Салыстырсақ, Түркияның басты екі қаласының: ел астанасы Анкара мен Ыстамбұлдың арасындағы әуе қатынасы 1 адамға орта есеппен 46 доллар (шамамен 20 мың теңге) тұрады. Оның үстіне бұл дәл бүгінге арналған баға. Егер біраз бұрын сатып алсаңыз, авиакомпаниялар жеңілдіктер береді. Лоукостерлер одан да арзан баға ұсынады. Жалпы, Түркия тұрғындары пойызға қарағанда, ел ішінде ұшақпен сапарлауды қолай көреді: арзан әрі ыңғайлы. Мұны осы елге саяхаттап барған қазақстандықтар жақсы біледі: әуежайларда паспорттық бақылаудан өткенде Түркия азаматтарына арналған бекеттегі кезек шетелдік туристерге арналған бекеттегідей ұзын болып келеді. Көрші Ресейде авиабилеттерді іздеу және брондау сервистері Мәскеуден Петерборға 2 489 рублге (шамамен 12,4 мың теңге) ұшуды ұсынады. Өзбекстан мен Қырғызстанда да авиабилеттер бағасы арзан. Сондықтан қазақстандық туристер Түркияға және басқа елдерге Бішкектен ұшуға бой үйрете бастады. Нәтижесінде, қырғыздың туроператорлары табысқа кенелді.

Сонда неге ең қымбат билет Қазақстанда болып тұр?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын нарықта қалыптасқан ахуалға аз-кем тоқтала кеткен жөн. Қазақстанда биылғы бір ғана мамыр айында авиабилеттер үштен бірге қымбаттап шыға келді. Кейбір өңірлерде әуе көлігінің қызметтері бұдан әлдеқайда көпке өсті. Қазақстандық авиакомпаниялар биылғы І-тоқсан қорытындысында шамамен 204,6 миллиард теңге табыс тапқан. Осылайша, пайдасын былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда бірден 71,1% арттырды: өткен жылғы алғашқы тоқсандағы табысы 119,6 млрд теңге болатын. Пайдасының өсуіне жолаушылар тасымалының 36% артуы ықпал еткен: 3,6 млн жолаушыны тасымалдады. Бұған қоса, билет құнын да тоқтаусыз көтеруде. Тасымал қызметі биылғы мамырда республика бойынша орта есеппен 28,9% қымбаттады. Өңірлердің арасында "баға көтерілісінен" көп зардап шеккен өңірлер қатарында Маңғыстау облысы (бұл өңірде авиабилет бағалары 63,5% жоғарылады), Атырау облысы (56,5%) және Қызылорда облысы (42,7%) бар. Өзге өңірлерді де "баға бүлігінің" өрті шарпып жатыр. Авиабилеттер бағасы Жетісу облысында – 37%-ға, Қостанай облысында – 28,6%-ға, Алматыда – 27%-ға, Шымкентте – 25,3%-ға,  Астанада – 24,4%-ға ұлғайды. Басқасында бұдан төмендеу, бірақ бәрібір өсім тіркелді. Қазақстанның Мұнайсервистік компаниялары одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұловтың түсіндіруінше, әуе тасымалы қызметтерінің қымбаттауына әсер ететін басты факторлардың бірі – авиакеросин нарығының монополияландырылуы. Мұнда екі ғана алпауыт бар. Авиаотын бойынша көтерме сауда нарығында "Petrosun" ЖШС-нің үлесі 56,8%, ал "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының үлесі – 24%. Сондықтан антимонополиялық орган Үкіметпен бірлесіп, осы салада бәсекелестікті дамыту бойынша бірлескен жұмысты бастады. Атап айтқанда, бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол карталары қабылданды. Соның ішінде азаматтық авиация саласына арналған Жол картасы келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

Қазақстанда ішкі авиатасымалдау 40-тан астам маршрут бойынша орындалады. Бұл ретте тұрақты коммерциялық рейстерді елімізде небары 3 авиакомпания жүзеге асырады. Нақтыласақ, "AirAstana" АҚ және Fly Arystan нарықта – 71,39%, "SCAT" АҚ – 23,94%, "Qazaq Air" АҚ – 4,67% үлеске ие.  /><em>Фото: <span lang=inbusiness.kz Осы орайда "Эйр Астана" АҚ-ының 51% акцияларының бақылаушы пакеті мемлекеттік "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына, қалған 49%-ы – британдық BAE Systems PLC компаниясына тиесілі. "Qazaq Air" АҚ-ның акциялардың 100%-ы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі.  /><em>Фото: inbusiness.kz </em>