Шаһизаданың үйінде тағы бір бала дүниеге келді
Әнші Шаһизада Байбатжанова тыңдармандарына қуанышты жаңалығын бөлісті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
ӘНшінің отбасында төртінші немересі дүниеге келді.
Ал желі қолданушылары әншіні құттықтап тілектерін білдірді.
Менде үлкен қуаныш, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін төртінші немерем Әмір дүниеге келді. Сіздерге де жұғысты болсын, - деп жазды Шаһизада.
«Бауы берік болсын. Биіктен көрінетін иманды салиқалы азамат болсын», «Немере деген тәтті ғой», «Атына заты сай азамат болсын», «Құтты болсын. Ғұмырлы болсын», - деген тілектер көп жазылған.