Жаңалықтар

Экспортқа берілетін мал басының жасына шектеу қойылды

Жас аралығы түріне қарай 6 айдан - 12 айға дейін. Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы бұйрығына бұқашықтар мен қошқарларды квоталау кезінде олардың жастарын белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді, деп newsroom.kz хабарлайды Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап. Сонымен, 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қоюдың сандық шегі - 60 000 бас, ал 6 айдан асқан қошқарлар-120 000 бас. 23 маусымнан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағынан тірі ІҚМ (СЭҚ ТА коды 0102) 60 000 бас бұқашық шығаруға алты айға сандық шектеулер енгізгенін еске саламыз, оның ішінде: *  бордақылау алаңдары үшін-30 000 бас; *  тауар өндірушілер үшін-30 000 бас. Сондай-ақ тірі қой мен ешкі (СЭҚ ТА коды 0104) саны 120 000 бас қой, оның ішінде: *  бордақылау алаңдары үшін-30 000 бас; *  тауар өндірушілер үшін-90 000 бас. Бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық саны 500 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – 200 бастан аспайды.