Астанадағы дағдарыс орталығын зорлық-зомбылық көрген қанша адам паналап отыр

Астанадағы дағдарыс орталығын зорлық-зомбылық көрген қанша адам паналап отыр

ашық дереккөзі

Елордалық «Үміт» дағдарыс орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шынар Кәкімова зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп newsroom.kz хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – әйелдер мен балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі әрбір үшінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. «Осыған байланысты «Үміт» дағдарыс орталығы қала әкімдігінің қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталық үй ішінде қатыгездікке ұшыраған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған. Оған 18 жастан 58 жасқа дейінгі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өз бастамасы бойынша да, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша да жіберілгендер және олардың кәмелетке толмаған балалары қабылданады», - деді Шынар Кәкімова Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында. Қызмет алушылар дағдарыс орталығына келген күннен бастап 72 сағат ішінде медициналық тексеруден, санитарлық өңдеуден өтеді. Қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы комиссияның шешімімен орталықта болу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін белгіленеді», - деп толықтырды спикер. Қазіргі уақытта «Үміт» дағдарыс орталығында 49 адам қызмет алуда, олардың 13-і әйел болса, 36-сы балалар. Орталық ашылған күннен бастап 2167 қызмет алушы қабылданды, оның ішінде 712 әйел, 1455 бала бар. Орталықта ойын бөлмесі, оқу бөлмесі, кір жуатын орын, еңбек терапиясы бөлмесі, балалар ойын алаңы бар. Сондай-ақ қызмет алушылармен психологтар (балалар және үлкендер), заңгерлер, медбике, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.

Жүктелуде...