Жаңалықтар

ШҚО және тікұшақ. МИ-8 МТВ бен МИ-2 нешеу?

Жуырда қазнетте белгілі журналист Асхат Ниязов пен ШҚО бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің арасындағы бейне сұхбат көрерменді елең еткізді.

Өңірлердегі әкімдермен сұхбат алып, алыс аймақтардағы өзекті мәселені көтеріп жүрген журналист А.Ниязов пен қазақстандық саясатта «ауыр салмақтағы» тұлғалардың бірі саналатын Д.Ахметов сұхбатында ШҚО-дағы тікұшақтар мәселесі сөз болды, деп хабарлайды newsroom.kz. Жуырда елімізде орман өрті болып, оған тікұшақтар тартылып, әуе байланысына қажетті бұл транспорт түрінің маңызы артқан соң, newsroom.kz порталы ШҚО әкімдігіне ресми сұрау салған болатын. Бұл кезде әкім Даниал Ахметов емес, Ресейде Елші болған Ермек Көшербаев еді. Қазақстандағы танымал тележурналист Асхат Ниязовтың «Обожаю» YouTube арнасында Сізге дейін облыс әкімі болған Даниал Ахметовпен өткен сұхбатында облыс әкімдігінің балансындағы тікұшақтар мәселесі сөз болды. Осыған орай, Сізден:

- Авияциялық бөлімшенің тікұшақтары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, орман қорын күзету мен қорғау және арнайы әрекеттерді талап ететін басқа да авиациялық жұмыстар үшін пайдаланылады – деген жауап берді. Айта кетейік, жауап хат ШҚО әкімі аппараты басшысының м.а. К. Бичуиновтың атынан келді. Редакция алдағы уақыттарда да осы тәріздес ақпараттарды назарда ұстап, оқырманына жеткізіп отыруға тырысады.

Қоңырақын ҚЫБЫРАЙ