Ресейдегі жағдай: ҚР елшілігі тіркеу бастады

Ресейдегі жағдай: ҚР елшілігі тіркеу бастады

ашық дереккөзі

  Қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрайды. Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде атап өткендей, Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында қауіпсіздікке қауіп төніп тұр. Қазақстандықтардан осы аумақтарға барудан бас тартуды сұрады, деп хабарлайды newsroom.kz kursivmedia-ға сілтеме жасап. "Ресей Федерациясындағы, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтардағы барлық азаматтардан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде консулдық есепке тұруды сұраймыз", - делінген хабарламада. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда қазақстандықтарға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сенім телефоны: +7-925-897-71-14

Жүктелуде...