Жаңалықтар

Байлар да батады: Титаникті қызықтағысы келген 5 адам қайтыс болды

Титан батискафтың экипаж мүшелерінің мерт болғаны анықталды. 4 күн бұрын су астына сүңгіген батискафтың дін аман екендігіне күмән бола бастаған. Алайда дем алатын оттегі қорының жеткіліктігіне сенген құтқарушылар іздеуді тоқтатпады. Бірақ әлем бақылаған миллиардерлер кемесінің мүшелерінің қайтыс болғаны бүгін расталды, деп хабарлайды newsroom.kz starhit.ru-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін сарапшылар сүңгуір қайық жарылуы мүмкін деп болжаған еді. Одан соң, құтқарушылар "Титанның" сынықтарын тапты. "Сарапшыларымен кеңесу барысында қоқыс жолаушылар капсуласының апатты жоғалуын көрсетеді деген қорытындыға келді", — деп мәлімдеген АҚШ жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Могер. Оның айтуынша, "ішке бағытталған жарылыс" батискафты қиратып, бес адамды өлтірген. Американың жағалау күзетінің өкілі атап өткендей, туристер қорқынышты жағдайға тап болған. Олар судың қысымына байланысты құмыра сияқты қысылған. Естеріңізге сала кетсек, үздік туынды қатарына енген "Титаник" фильмін американдық режиссер Джеймс Кэмерон түсірген болатын. 1912 жылы айсбергпен соқтығысқаннан кейін батып кеткен лайнердің трагедиясы араға бірнеше жыл салып, 5 адамның өлімімен қайталанып отыр. Титан батискафы 18 маусымда Титаник лайнерінің апатқа ұшыраған жерінде Атлант мұхитындағы радарлардан жоғалып кеткен болатын. Оның бортында бес адам болды: батискафты басқарған 61 жастағы OceanGate директоры Стоктон Раш, Британдық миллиардер 58 жастағы Хамиш Хардинг, пәкістандық-Британдық кәсіпкер, 48 жастағы Шахзада Давуд және оның 19 жастағы ұлы Сүлейман, сондай-ақ аппарат ұшқышы, бұрынғы әскери сүңгуір, Титаникті зерттеуші 77 жаста француз Пол-Анри Наржоле. Билет құны 250 мың доллар болған. Бір қызығы, Oceangate негізін қалаушы Стоктон Раштың әйелі Венди Раш Титаник апатында қаза тапқан Исидор мен Ида Штраустың шөбересі екендігі белгілі болды. 40 жылдан астам уақыт отасқан өте бай Исидор Штраус пен оның әйелі айда 1912 жылы апатқа ұшыраған Титаник кемесінде қайтыс болған. Дәл осы жұп әйгілі фильмде көрсетілген болатын.