Жаңалықтар

Саят Медеуов: “Қаракөз қыздар өзге ұлтқа тигенше, қазақ жігітіне тоқал болғаны жақсы”

Танымал әнші Саят Медеуов “Ұйқым келмейді” бағдарламасында қонақта болып, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде бұған дейін қазақтың санын көбейту туралы мәселеге өз ойын айтып өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.

“Қазақтың санын көбейту үшін бәрін істеу керек. Тоқал аду мәселесіне қатысты қолдан келсе, асырай алса алу керек. Қаракөз қыздарымызды кез келген ұлтқа бергенше, қазақтың азаматтары алып, асырап, қазақты өмірге әкелу керек деп ойлаймын. Өз елімізге, өз жерімізге пайдамызды тигізуіміз керек деген ойдамын. Қазақ қыздарын асырау керек шығар. Тоқал алуға қарсымын деп айта алмаймын. Себебі ол – керек дүние. “Бір-екі баламен қазақтың саны көбейе ме?” деп ренжитіндер табылады. Егер Бәйдібек атамыз Домалақ анамызды алмайтын болса, Домалақ анадан Жарықшақ деген жалғыз бала тумайтын болса, Албан, Суан, Дулат деген үш ру болмайтын еді. Сол бір баладан көбейдік. Солар Алматы, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған сияқты үш облыста отыр. Осындай дүниелерді қолға алу керек деп ойлаймын. Бір бала болса да, мейлі, қазаққа пайдасы тисе болғаны”, – дейді әнші.

Ал өзі де демографияны көбейтуге қатысы бар ма? деген сұраққа “жеке бастың щаруасы қанша?” деп жауап қатты ол.