Жаңалықтар

IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны қонақтарды қарсы алуда

Қарағанды облысына «Айбын» жастар жиынына қатысу үшін әскери-патриоттық клубтар келіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz. />

«Шахтерлер астанасының» теміржол вокзалына алғашқы боп, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы әскери-патриоттық клубтарының өкілдері, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері келіп жетті. Ұйымдастырушылар жиынға қатысушыларды әскери оркестр үнімен қарсы алды.

<img src= width=

IX «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны 17-23 маусым аралығында Қарағанды маңындағы «Спасск» оқу орталығында өтеді. Патриоттар форумына Қазақстанның барлық өңірінен барлығы 43 команда қатысады. Әзербайжан мен Өзбекстан әскери-патриоттық клубтарының командалары алғаш рет қатысқалы отыр.