Анам Қазақстанда жұмыс істегенімді қалайтын: Ресейден келген танымал менеджер жаңа қызметке кірісті

Анам Қазақстанда жұмыс істегенімді қалайтын: Ресейден келген танымал менеджер жаңа қызметке кірісті

ашық дереккөзі

Ресейдің танымал медиаменеджері Арман Дәулетияров жаңа қызметі жайлы ойын бөлісті. Кеше ғана оның Президент Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалғаны белгілі болған. Өзінің Instagram-дағы парақшасында Арман Дәулетияров бұл оның өміріндегі жаңа бөлім екенін және өзінің пайдалы болғанына қуанышты екенін жазды, деп хабарлайды newsroom.kz. Ол әлеуметтік желіде атажұртына деген махаббаты жайлы айтып отырған анасының видеосын жариялады.

Анам... менің Қазақстанда тұрып, осында жұмыс істегенімді қалайтын. Ол менің осында қызметке тағайындалғанымды естіп мәз болушы еді. Жылы лебіздеріңіз бен тілектеріңізге алғыс. Махаббат, қолдау мен қарым-қатынасыңыздың бәрі мен үшін қаншалықты маңызды екенін елестете де алмайсыздар. Менің де сіздерге деген көңілім осындай. Ата-анаңыз жаныңызда жүргенде қадірін біліңіздер!  - деп жазды Арман Дәулетияров.
  Арман Дәулетияров - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Муз-ТВ телеарнасының бұрынғы жетекшісі, кәсіпкер, психология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, медиа менеджер, тележүргізуші, ТЭФИ сыйлығының иегері. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, Ресей Федерациясының «Достық» орденімен марапатталған.

Жүктелуде...