Жаңалықтар

Ресейлік Би-2 тобы Абай облысында өрттен зардап шеккендерге қайырымдылық жасамақшы

«Би-2» музыкалық тобы Семейдегі концертінен түскен қаржыны Абай өңіріндегі орман өртінен зардап шеккендерге аударады, деп newsroom.kz хабарлайды altyn-orda.kz . сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы топ мүшелері өздерінің бір қойылымында тікелей сахнадан айтты. «Біз қаза болғандардың отбасыларына және осы жантүршігерлік өрттен зардап шеккендердің барлығына көңіл айтамыз. 21 маусымда біз Семейде концерт қоюымыз керек еді, біз бұл концертті тоқтатпауды шештік, барлық қаражатты аударамыз. Осы концерттен түскен қаржы  Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету қорына түсті, — деп хабарлады олар.