Жаңалықтар

Экс-ТЖБ министрі Юрий Ильиннің ісіне тексеріс жүргізіледі

  Абай облысындағы өртке оранған орман 14 адамның өмірін қиды. Мемлекет басшысы Төтенше жағдай министр Юрий Ильинді қызметінен босатты. Апатты аймаққа өзі барды. Осыған орай үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысындағы өртке қатысты тергеу бойынша тілшілер сұрақ қойды. Министр үш нұсқаны қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. "Тергеу жүріп жатыр, әдейі өрт қою нұсқасы бар. Істі арнайы прокурорлар қарайды. Бұл топта Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар, көреміз. Әдейі өрт қою, немқұрайлық, найзағай түсу нұсқалары бар. Сараптамалық және іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді", – деп жауап берді Марат Ахметжанов. Сонда-ақ тілшілер Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізілетіні туралы сұрады. "Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай, адамдар қайтыс болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неге дер кезінде шара қолданбаған, немқұрайлылық болуы мүмкін. Қызметтік міндеттерін орындамау", – деді ол. Естеріңізге сала кетсек, ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильин 10 маусым күні қызметінен босатылды. Бұл уақытта Абай облысының 60 га жері өртке оранған еді. Юрий Ильин 2020 жылдан бастап үш жыл қатарынан Төтенше жағдай министрі қызметіне қайта тағайындалып отырған еді.