Жаңалықтар

Әділет министрлігі әділеттілікке қол жеткізді

Jusan Bank активтерін Қазақстанға қайтару туралы ақпаратты newsroom.kz сайтының тілшісі хабарлайды. Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылған. Іс жүзінде Қазақстан Үкіметі топтың үстінен бақылауды жоғалтқан болатын. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізді. Қажетті құжаттарға қол қойылды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады. Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Банк бұрын алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтаратын болады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жұмыстары жалғастырылатын болады.