Семейдің техникасын көрген адам өртті неге уақытылы сөндіре алмағанын түсінеді – Ринат Зайытов

Семейдің техникасын көрген адам өртті неге уақытылы сөндіре алмағанын түсінеді – Ринат Зайытов

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Абай облысындағы ахуал туралы айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта обылыстың барлық аудандары жұмылып зардап шеккен ауылдарға жәрдем беруге жан-жақтан шамасына қарай ұмтылып жүр. Уақытша жасақталған орталықтарға жеткізілген тұрғындардың көңіл-күйі тұрақты. Сонда да ойланатын мәселе көп.Мысалы Астанадан келген техникамен Семейдің техникасын көрген адам бірден өртті Абай обылысы неге уақытында сөндіре алмағанын айтпай түсінеді, -дейді Ринат Зайытов.
Ол бұл қай жауапсыздығымыз? Неге обылыстар заманға сай техникамен емес, 50-60 жыл жұмыс істеген, тозған көліктермен өрт сөндіреді? Отпен алысқан батырлардың жалақысы неге аз? Осыған дейін бөлінген қаржы қайда жоғалған? Мәселе қалай шешілмек? Деп сауал тастаған.
Алдағы уақытта бұл мәжіліс мінберінде талқылануға тиісті. Талқыланып қана қоймай, мемлекет AMANATпен бірлесе отырып барлық облыстарды төтенше жағдайдың алдын алуға қажет заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету керек! Биылдан қалдырмай шешетін мәселе. Әйтпесе, мұндай сұмдық кез-келген жерде болуы мүмкін, -дейді депутат.
Ол ақша жинап, жалған жанашыр болған алаяқтардан сақ болыңыздар деп ескертті.
Қажет болса, қаржы жинауды жергілікті билік ресми шот ашып, өзі ұйымдастырады. Әзірге ондай қажеттілік жоқ екен. Ескеріңіздер. Кім-көрінгеннің сөзіне сеніп, белгісіз шоттарға ақша аудармаңыздар. Мемлекетіміздің өрттен келген шығынды өтеуге мүмкіндігі жоқ емес, - деді Ринат Зайытов.

Жүктелуде...