Жаңалықтар

Депутаттар өрт шарпыған ауданға жол тартты

  Мәжіліс депутаттары өрт шарпыған Абай облысына бару үшін жолға шыққан. Бұл жайлы журналист, депутат Мақсат Толықбай "Абай облысындағы өртке байланысты жолға шықтық,"- деп жазды ол парақшасында. Қазіргі уақытта 2 мың гектарға жуық жер өртеніп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 бірлік техника, оның ішінде 3 тікұшақ жұмылдырылған. Елді мекендерге қауіп жоқтығы хабарланды.  width= Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге қалдырылды, деп хабарлайды newsroom.kz.