Жаңалықтар

Астанадағы жолдарды жауып, жол көлік қозғалысын тоқтатқандарға жаза тартылады

  2023 жылғы 8 маусымда полиция департаментінің басқару орталығына елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындарының жолды жауып тастағаны туралы хабарлама келіп түсті. Азаматтар ОСИ төрағасының жиналыс хаттамаларын бұрмалау жөніндегі әрекеттерімен келіспейтіні және жолды жауып тастағаны анықталды. Тұрғындар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамай, жол қозғалысына қатысушылар мен олардың өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды newsroom.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. Нәтижесінде 9 құқық бұзушы полиция органдарына жеткізілді және әрқайсысына әкімшілік кодекстің 443-бабына сәйкес, 8 АЕК бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласының прокуратурасы заңнаманы бұзуға жол бермеу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігін ескертеді. Және де талаптарды орындамай, не құқыққа қайшы әрекеттер жасағандарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.