Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

ашық дереккөзі

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды newsroom.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы әкімдіктің өзі хабарлады.

"Бүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жүктелуде...