Жұрттың баласы! Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады

Жұрттың баласы! Тәшкенбай әкесіне көлік сыйлады

ашық дереккөзі

Жақында ғана Өзбекістан Республикасының астанасы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай әкесі қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде бейнежазба жаниялады. “Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Аллаға шүкір, кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші, осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір! Екінші, ата-анамыздың арқасы, барлығыңызға жұғысты болсын!” – деп жазды ол. Желідегі оқырмандары боксшыға алғыс жаудырған. “Құтты болсын, чемпион”, “Биіктерден көріне бер”, “Жарайсың, ата-анаңды қуантқаннан артық қуаныш бар ма? Ел болып тілекшіміз. Әрқашан биіктерден көріне бер” деп жазды олар. Санжар Тәшкенбай Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 келі салмақта өнер көрсетіп, топ жарған еді. Елге жеңіспен оралған боксшыларға Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем чемпиондарына 100 мың доллардан сыйлады. Ал Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Естеріңізге сала кетсек, көршілес Өзбекістандағы әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай жеңімпаз атанған болатын.

Жүктелуде...