Жаңалықтар

Республикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болды

Түркістан облысынан 7 оқушы 26-28 сәуір аралығында Астана "Дарын" ұйымдастыруымен өткен 7-8 сынып оқушылары арасындағы химия-биология пәндері бойынша республикалық олимпиадасына Кентау "Білім-инновация" ер балалар лицей-интернатының оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Биология пәні бойынша:
🥈 Болатхан Ерасыл 8-сынып оқушысы - "Күміс" медаль,
🥉Кадыржанов Яркин 7-сынып оқушысы - "Қола" медаль,
🥉Русланұлы Алиасқар 7-сынып оқушы - "Қола" медаль.
Химия пәні бойынша:
🥉Камилов Хасан 8-сынып оқушысы - "Қола" медаль,
🥉Тұрғанбаев Тимур 7-сынып оқушысы - "Қола" медаль!
Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!