Жаңалықтар

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

"Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан аса көлік құралын тексерді, - деп newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керек екенін ескертеді. Бұған немқұрайды қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді. Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді. ІІМ "автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.