Жаңалықтар

Беті аулақ! Кениядағы 226 сектант өздерін аштықпен өлтірген

  Кениядағы діни ғибадат құрбандарының саны 226-ға өсті, деп хабарлайды newsroom.kz ztb.qaz-ға сілтеме жасап. Өткен аптада Кенияның NTV арнасы Культ құрбандарының саны 201-ге жеткенін хабарлаған еді. Бүгінде құрбандар саны көбейе түскен. "Жағалаудағы провинцияның аймақтық комиссары Ру Онянчаның айтуынша, сәрсенбіде табылған 15 мәйіттің 14-і қабірлерден алынған, ал біреуі бұталардың арасынын табылған. Осылайша, орманда табылған денелердің жалпы саны қазіргі уақытта 226 - ға жетті", - делінген телеарнаның хабарламасында. Діни наным сенім бойынша өз еркімен аштық жариялаған адамдар Иса құдайын кездестіреді деп сенеді. Осылайша олар күнәдан азат болады. Дін ізбасарлары өздерінің пасторы Пол Маккензидің тапсырмасын орындайтынын айтқан. Сәуір айында төрт адам қайтыс болып, аштықтан құры сүлдері қалған 11 адам ауруханаға жатқызылады. Осы бойынша мамыр айының басында Кениядағы радикалды дін ізбасарларының жаппай қырылуы бойынша іс тергелген. Аштықпен өлді деген адамдардың кейбірінің органдары жоқ болып шыққан. Оның ішінде балалар да болған. Әрі олар буындырып өлтірілген деген ақпар да бар. Полиция балалардың органдарың сату үшін өлтірілді деген фактті жасырмауда. Мамыр айының басында прокурорлар Пол Маккензиді "терроризм" айыбымен жауапқа тарту үшін ұстайды. Кения мемлекетінің президенті Уильям Руто Маккензидің ісін терроризмге балайды. Өйткені ол өзінің қаскүнемдік әрекеттері үшін дінді жамылатынын айтқан. Бүгінде Пол Маккензи заң алдында жауап беру үшін тұтқындалды. Оның "Good News халықаралық шіркеуі" сектасы 20 жыл бұрын құрылған. Маккензи адамдарды аштықтың экстремалды түрлеріне итермелеуімен танымал. Бұл мәңгілік өмірге ұмтылуға сену үшін ең қысқа жол екеніне сендіреді. Ол 2017 жылдан бастап оған қатысты әртүрлі қылмыстар үшін айыпталғанмен, бостандықта жүрген.